Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Жетісайлықтар кешегі сұрапыл дауылдан бері жарықсыз отыр

2022 жылғы 21 маусым 23:38

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Бір сағат ішінде болған дауылдан жетісайлық тұрғындар жарықсыз қалды. Шаруаларға да келген шығын көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше кешке бұршақ аралас нөсер жауын жауып, қатты дауыл тұрған.

Бір сағат ішінде бағаналарды құлатып, көшедегі жарнама ілетін тақтайшаларды ұшырып әкетіпті. Ағаштарды сындырып, шатырларды ұшырған.

Сондай-ақ, шаруаларға да келген шығын көп.

Әсіресе, Мақталы, Қызылқұм ауылдары мен Дәлдәбеков ауылдық округіне қарасты елді мекендер және Асық ата кентінің тұрғындары көп зардап шеккен.

Бұршақ аралас жауын жайқалып тұрған мақтаны жермен жексен етсе, қарбыздарды тесіп тастаған.

Қазір аудан аумағындағы жарықтың жайы шешіліп келеді. Көрші ауданнан да жұмыс күші тартылған.

Ал, шаруалардың шығынын өтеуге жергілікті әкімдік қауқарсыз. Яғни, жауапты мамандар аудандық бюджеттен бұл бағытқа қаржы қарастырылмаған алға тартып отыр.


Автор:

Қайрат Зайнишев

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары