Жетісайлық шаруалар жиын-терім науқаны алдында өзекті мәселелерді талқылады

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданында шаруалар жиын-терім науқанының алдында өзекті мәселелерді талқылады. Егістік алқабына жиналған тұрғындар мақтаға субсидия алу мәселелері мен терім комбайындарының дайындық жайын сөз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Әлихан Утанов, облыстық маслихат депутаты Сәду Бекенов пен қала, кент және ауыл әкімдері, мақта шаруа қожалығының төрағалары, мақта өңдеу зауыттарының басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Күзгі мақта терім науқанын тиімді әрі нәтижелі етіп аяқтауды көздеген шаруалар қабылдау бекеттері мен зауыттарындағы зертханалық жұмыстарды күшейтуді сұранды.

Шарада сонымен қатар мақта бағасының тұрақты әрі шаруаларға тиімді болуын қамтамасыз ету мәселесі талқыладын. Жиын-терім жұмыстарына қажетті техникалардың дайындығы мен мақтаны қурату арқылы өнімді ертерек жинап алу төңірегінде әңгіме қозғалды. Семинарда сөз алған аудан әкімі мақта қабылдау бекеттеріндегі таразылардың дұрыстығын бақылау қажеттігін және техникалық қауіпсіздік шараларына аса мән беру қажеттігіне тоқталды.

«Биыл мақтаның кеш егілуіне байланысты дефолиация шараларын жасауды ертерек қолға алу керекпіз, одан кейін әрбір шаруа субсидия алуы үшін терген өнімін тек арнайы мақта зауыттарына өткізуі керек, сол кезде ғана тоннасына 12 мың теңгеден субсидия алуға болады. Елдегі шаруаларға осы ақпаратты жеткізуді жеделдету керекпіз, себебі 1 теңге болса да пайдасын шаруа көруі керек және зауыт басшылары да өз тарапынан шаруаларға жағдай жасауды қолға алуы тиіс»,- деді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев.

Жиында сөз алған мақта зауытының басшылары алдағы жиын-терім науқанына мақта қабылдау бекеттерінің дайын екендігін, шаруаларға алдын-ала мақта теруі үшін 150 миллион теңгеге жуық қаражат берілгендігін айтты. Сонымен қатар мақта зауытының басшылары бағаның Ливерпульдегі биржаға байланысты болатынын және дәл қазіргі уақытта нақты бағасының шықпағанын атап өтті.

Химиялық препаратты тасымалдаушы кәсіпкерлер, қай уақытта қандай препаратты қолдануға керектігін, сатып алар кезде химиялық препараттың сапалы екендігіне қалай көз жеткізуге болатынын айтып өтті. Оны сапасыз өнім сатумен айналысатын алыпсатарлардан емес, арнайы тасымалдаушы компаниялардан алуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар