Жетісайлық шаруалар көктемде 7 млн теңгеге дейін табыс тапқан

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуов пен ветеринария бөлімінің басшысы Шерияздан Сейтжановтардың қатысуымен брифинг өтті. Сала басшылары ауданда сегіз ай көлемінде атқарған жұмысы туралы есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марат Абуовтың айтуынша,биылғы сегіз айда ауданда ауыл шаруашылығы саласында жалпы өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 102,7 пайызды құраған.

«Оның ішінде егін шаруашылығы - 105 пайыз, мал шаруашылығы - 101,4 пайызды құраған. Қаржыға шаққанда өндірілген өнім көлемі 16 млрд 464,2 млн теңгені құраған. Былтырғы жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 3,5 млрд теңгеге артық өндірілді», - дейді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы.

Одан бөлек бөлім басшысының мәліметі бойынша көкөніс дақылдарының да көлемі де біршама көбейген. Бұл дақылдардың ішіндегі негізінен экспортқа қырыққабат дақылының егіс көлемі мен өнім көлемі артуда. Былтыр шаруалар 850 га жерден 24 мың тонна өнім алған болса, биыл 1022 гектардан 36 мың тонна өнім жинаған. Аталған дақылдың бағасы 240 теңгеге дейін саудаланды. Нәтижесінде шаруалар әрбір гектарынан 5-7 млн теңгеге дейін табыс тауып отырған.

«Биыл аудан шаруалары негізінен ағын судан тапшылық көрген жоқ. «Достық» каналының жоғарғы жағынан келетін судың көлемі азайған кезеңдерде, машиналық әдіспен су сору насостарын арқылы қажетті ағын су көлемін жеткізіп отырдық. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес, алдағы уақытта машиналық әдіспен су жеткізетін каналының жарамсыз болып бара жатқан бөлігін қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі», - деді бөлім басшысы.

Ветеринария бөлімінің басшысы Шерияздан Сейтжановтың сөзінше, қазіргі таңға дейін, 22548 бас ірі қара,73985 ұсақ мал төлдеген. Энзоотиялық аурулардың алдын алу бойынша 53399 басірі қара мал бүркіліп, 137883 бас ұсақ малдар тоғытылған. Аудан бойынша ұсақ және ірі қара малдарды серологиялық тексеруден өткізу жұмыстары да жоспарлы түрде жүргізіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар