Жетісайлық шаруалар алғашқы қарбызын Ресейге жөнелтті

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданының шаруалары алғашқы қарбызын Ресейге жөнелтті. Көрші елге экспортқа жіберілген бақша өнімі Мақталы ауылдық округінің диқандарына тиесілі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісай ауданына қарасты «Тың» ауылының диқаны Бекжігіт Мүйтенбаев өз иелігіндегі 1 гектар жерге ерте пісетін қарбыз еккен. Көп жылдан бері жеріне бақша өнімін егіп, оны саудалап жүрген диқан өткен жылдармен салыстырғанда биыл жер ана өнімді жақсы бергенін айтады.

«Наурыз айының басында қарбыздың 70 күнде пісетін «Долбый» атты сұрпын екі қабат пленка астына ектік. Ауа райы қолайсыз болған кездерде уайым болды. Алайда барлығы ойдағыдай өтті. Өнім жерде қалған жоқ. Бағасы да көңілімнен шықты», - дейді шаруа.

Айта кетейік, биыл аталған ауданда ауылшаруашылығы мақсатында 78 500 гектар аумаққа егіс егілді. Соның 10 636 гектарына - пленка астындағы қауын, ал 2819 гектарға - қарбыз егілген.

Бүгінгі күнге дейін 45 гектар аумақтың қарбызы мен 11 гектардың қауыны піскелі тұр.


Соңғы жаңалықтар