Жетісайлық полицейлер марафон өткізді

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Жетісай ауданының полицейлері жүгіруден марафон өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шарада аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ермахан Абдраманов сөз сөйлеп, марафонның Түркістан облыстық полиция департаментінің бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес өтіп жатқанын атап кетті.

«Спорт – әрбір азаматтың белсенділігін арттырып, денсаулығын нығайтуға негіз болатын дүние. Сондықтан, біз бұл бағытты күн тәртібінен түсірген емеспіз. Біздің жеке құрамның жігіттері аудан, облыс көлемінде өтетін түрлі спорттық сайыстарда топ жарып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Бүгінгі өткен марафон – тәртіп сақшыларының салауатты өмір салтын қолдайтындықтарының бірден-бір дәлелі», - деді полиция бөлімінің бастығы Ермахан Абдраманов.

Аудан орталығы Жетісай қаласындағы «Қажымұқан» орталық стадионынан бастау алған марафонда тәртіп сақшылары мен өзге де қатысушылар Қожанов көшесін айналып өтті. Сөйтіп бас-аяғы 10 шақырымдық қашықтықты бағындырды.

Соңғы жаңалықтар