Жетісайлық полицейдің желіде тараған видеосы өткен жылғы оқиға болып шықты

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Жетісайлық полицейдің желіде тараған видеосы өткен жылғы оқиға болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде полиция қызметкерінің базарда бейнекамерамен түсірілім жасап тұрған видеосы тарады.

Онда тәртіп сақшысы қоғамдық орында темекі шеккен тұрғынға хаттама толтырмақ болады.

Көпшілікке қызметтік куәлігін көрсете алмаған полицей тұрғындармен тілдескенде де қызметтік этиканы сақтамайды.

Жалпы оқиға Жетісай қаласында болған.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған бейнежазба бірден назарға алынып, тиісті тексеру жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.

«Бұл жайт 2022 жылдың сәуір айында Жетісай қаласы базарларының бірінде болған. Полиция қызметкеріне азаматтармен қарым-қатынас кезінде заңдылықты сақтау бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді» делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар