Жетісайлық диқандар Ресейге алғашқы қауынды жөнелтті

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Жетісай ауданында қауын пісіп, саудаға шығарыла бастады. Жергілікті диқандар алғашқы 30 тонна бақша өнімдерін көршілес Ресей еліне жөнелтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Диқан Ғабит Сабденов алдағы екі-үш күнде тағы да 90 тонна қауынды Мәскеу қаласының сауда орталықтарына аттандырмақ. Биыл 30 гектарға қауын еккен шаруа қожалығының жұмысымен Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев арнайы барып танысып, шаруалармен сөйлесіп қайтты. Диқандардың айтуынша, биыл егістік жұмыстары жылдағыдан ерте басталған. 8 наурыз күні 30 гектар егістік алқапқа қауынның 250 мың түп көшеті отырғызылып, бақша өнімі 70 күн аралығында жетіліп шыққан. Оның 15 гектарын «F-1 Дакара», 15 гектарын «Аэропорт» сорты құрайды. Енді бірер күнде жетісайлық диқандар алғашқы қарбыздарын Ресей еліне жөнелтуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде сатып алушылар егістік алқап басында арту жұмыстарына әзірлену үстінде.
null null null

Айта кетейік, биыл Жетісай ауданында 15 мың гектардан астам жерге қауын-қарбыз егілген. Оның 8 мың гектардан астамын қауын дақылы құрайды.

Соңғы жаңалықтар