Жетісайлық диқандар қауын экспортын бастады

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Жетісайлық диқандар Ресейге қауын экспорттап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісайда қауын пісті. Қазір шаруалар өнімді жинап, сатуға шығарып жатыр. Мәселен, Талапты елді мекеннің тұрғыны Олжас Қосқара ерте көктемде 9 гектар жерді игеріп, қауынның «Аэропорт» деп аталатын сортын еккен болатын. Арада 65 күн өткенде шаруа өнімінен жеміс ала бастады.

«Биыл алғаш рет қауын егіп отырмын. Қауын күтімді қажет ететін дақыл, дер кезінде суын беріп қажетті дәрумендермен қамтамасыз етіп отырмасаң ойдағы өнім алу қиын. Ағын судан ешқандай тапшылық болған жоқ. Қазір 1 келісін 830 теңгеден Ресейге жөнелтіп жатырмыз»-дейді, жас дихан Олжас Қосқара.


Соңғы жаңалықтар