Жетісайдағы аяқ киім тігетін цех өнімін экспортқа шығаруға ниетті

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады. Асықата кентіндегі мақта өңдейтін цехты ұлғайту жұмыстарымен танысып, алдағы уақытта цех толық қуатта жұмыс істеуі үшін тиісті шараларды қолға алу керектігін айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған цех қазіргі уақытта медициналық мақта,тігін цехы, және гигиеналық заттар шығарумен айналысуда. Аталған табиғи таза өнімдер жергілікті нарықта импорттық тауарларға қарағанда бірнеше есе арзан бағада саудалануда.

Мейіржан Мырзалиев барған тағы бір нысан - Қарақай ауылдық округінде орналасқан «Медет Сүт» ЖШС болды. Мұнда сүт өнімдерінің ірімшік, қаймақ, айран, сыр, түрлері өндіріліп ішкі нарықты толықтай қамтуда.

Ал, Жетісай қаласындағы ЖК «Ұлықбек» аяқ киім цехы қысқы етіктер шығарып, олардың сапасын арттыруды қолға алған. Облыс әкімінің орынбасары аяқ киімді экспорттық өнімдер қатарына кіргізу үшін сапаға басты назар аудару керектігін айтты. Мұнда шығарылып жатқан бір аяқ киімнің бағасы 450 теңгеден екенін естіген облыс басшының орынбасары делдалдар арқылы бағасы көтеріліп кетпеуін қадағалауды тапсырды.

«Тауар сапасына көңіл бөліп отырсақ, алдағы уақытта бұдан үлкен цехқа айналатынына сенімдімін. Аудан басшылары кәсіпкерлерге көбірек көңіл бөліп, оларға қажетті көмекті дер кезінде көрсеткені жөн», -деді Мейіржан Мырзалиев.
Соңғы жаңалықтар