+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Жетісайда жоғалып кеткен 23 жастағы бойжеткен табылды

2021 жылғы 25 қыркүйек 05:16
Бөлісіңіз:
Жетісайда жоғалып кеткен 23 жастағы бойжеткен табылды

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Түркістандық полицейлер адасып жүрген 23 жастағы бойжеткенді үйіне жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында орманда жоғалған ерлі-зайыптылар аман табылды Атырауда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

Жетісай ауданы тұрғыны сағат 13:30 шамасында 102 нөміріне хабарласып, дүкеннің жанында аты-жөні белгісіз бір жасөспірімнің адасып жүргенін хабарлаған.

Осы орайда Жетісай учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік қызметкерлеріне нұсқау берілді.

Аталған дүкенге полицейлер тез арада жетіп, адасып жүрген қыз баладан мән-жайды сұрастырды.

Алайда белгісіз себептермен ешқандай ақпарат біле алмаған соң, бұл іске ювеналды полиция тобы жұмылдырылды.

Олар қыз баланың мекенжайы, аты-жөні туралы мәліметтер іздестіріп, білім мекемелерімен, медицина орталықтарымен және басқа да тиісті орындармен байланысқа шықты .

Дәл осы іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқан тұста 102 нөміріне тағы бір хабар келіп түсті.

Онда көршілес ауыл тұрғыны сіңлісін іздеп таба алмай жатқанын айтып, полицейлерден көмек сұраған.

Полиция қызметкерлері аталған азаматшадан анық-қанығын сұрастырған.

Нәтижесінде дүкен маңынан табылған бойжеткен арызданған әйелдің сіңлісі болып шықты.

Жоғалған қыз отбасымен қауышты.

Сіңлісінің аман табылғанына қуанған әпкесінің көңілі орнына түсіп, табыстаған патрульдік полиция қызметкерлеріне алғысын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT