Жетісайда жастар форумы өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Жетісай ауданында ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Ұлы мұрат жолында» атты жастар форумы өтт, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев пен «Нұр Отан» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдіманап Байдуллаев және ауданның түрлі салада жетістікке жетіп жүрген 250-ге жуық беленсенді жас қатысты.

Елбасының биылғы жылды жастар жылы деп жариялауы жетісайлық жастарға серпін беріп, аталған форум сол мұрат биігінен табылу үшін ұйымдастырылды. Аудан жастарының қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында өткен шарада түрлі салада көзге түсіп жүрген жетісайлық жастар өз ойларын ортаға салды.

Замандастарын зерделі де, зейінді, білімді де, бәсекеге бейімді, елді, жерді, отанды сүюге үндеді. Мінбеде алғашқы болып сөз алған «Сырдария» университетінің 3- курс студенті, «Санұр» телеарнасының журналисті Бекболат Сатуов замандастарын белсенді болуға шақырды. Мұнан соң көпшілік алдына «Жастар орталығының» жанынан құрылған «Еріктілер клубының жетекшісі Ақмаржан Төлеп пен «Жастар ресурстық орталығы» жанынан құрылған «Жалын» дебат клубының жетекшісі Табиғат Аралбаев өз ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ, Б.Момышұлы атындағы мектеп - гимназиясының 10 сынып оқушысы, химия пәні бойынша облыстық олимпиаданың жеңімпазы Қазыбек Жұмабаев пен дәрігер Перизат Ахметовалар, жас блогер Бейбіт Қазыбековтер де замандастарына жаңа серпін сыйлады.

Жиынды қортындылаған аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев жастар тарапынан форумда көтерілген мәселелер мен ұтымды ұсыныстардың елеусіз қалмайтындығын атап өтті. Аудандық «Жастар ресурстық орталығына» су жаңа шағын автобустың кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Айта кетейік, бүгінде Жетісай ауданында 172 мыңнан аса халық тұрса, соның 14-29 жас аралығындағы жастары саны 49 823-ті құрайды. Яғни, аудан тұрғындарының 30 пайызы жастар болып отыр. Олардың сапалы білім алып, өркениеттен қалыс қалмауы үшін ауданда 1 жоғарғы және 4 арнаулы оқу орны білім береді.

Соңғы жаңалықтар