Жетісайда зағиптарға құрмет көрсетілді

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Жетісай ауданында 13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараға аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев пен облыстық зағиптар қоғамы төрағасының орынбасары Жандар Жанаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов пен «NurOtan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов қатысты.

Аудан басшысы шараның маңыздылығына тоқталып, оның өтуіне демеушілік жасаған кәсіпкер азаматтарға алғыс хаттар табыс етті. Демеушілер есебінен мерекелік тартулар жасалып, құрмет көрсетілді.

Шара барысында аудан өнерпаздары мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Айта кетейік, бүгінде Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 170 зағип есепте тұрады.

Соңғы жаңалықтар