Жетісайда тәртіп сақшысы болғысы келетін жастар үшін «Ашық есік күні» өтті

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Жетісай ауданында тәртіп сақшысы болғысы келетін жастар үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Аудандық полиция бөлімі жанынан құрылған халықтық кеңседе полицейлер ішкі істер органдарына қызметке тұруға ниеті бар азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шараға жалпы 20-ға жуық мектеп бітіруші түлектер мен жас білімгерлер қатысқан. Болашақта полиция қызметкері болғысы келетіндердің арасында бойжеткендер де болды. Оларға қажетті мағлұматтар беріліп, сұрақтарына тұщымды жауап алды. Сондай-ақ, тәжірибелі мамандар қиындығы мен қаупі басым жұмыстары барысын баяндап, қызметтерінің қыр-сырымен бөлісті. Тәртіп сақшылары үшін жасалатын жақсы жағдайды да айтып өтіп, жастармен ашық сұхбат жүргізді. Жастар арасындағы жұмыссыздықты жойып, ішкі істер саласына орналасуды мақсат еткен азаматтарға қызметке орналасуға мол мүмкіндік берілетіні жайлы ауқымды түсіндірме шаралары жүргізілді. Оған қоса ҚР ІІМ-нің оқу орнына түсу жөнінде мәліметтер айтылды.


Соңғы жаңалықтар