Жетісайда Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығы аталып өтті

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданында Алаштың ардақтысы Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлтының ұлы тұлғасы» атты салтантты жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиев пен «Тұрсынай ана» мешітінің бас имамы Нұрлан Алдабергенов, Ділдәбеков ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Еркін Жамбулов пен аудандық білім бөлімінің мамандары, ардагер ұстаздар мен БАҚ өкілдері қатысты.

С.Қожанов атындағы №42 жалпы орта мектебі ұйымдастырған шара Қазақстан мен Орта Азияның қоғам қайраткері, білікті ұстаз, ғалым, публицист, дарынды ақын, алымды аудармашы, әдебиеттанушы, журналист Сұлтанбек Қожановтың ескерткішіне гүл шоғын қоюмен басталды. Жиынға келген қонақтар құттықтау сөз арнап, естеліктер айтты. Аталған мектептің директоры Арап Жүнісовке «С.Қожанов - 125 жыл» естелік төсбелгісі табыс етілді.

«Тұрсынай ана» мешітінің бас имамы «Ұлтының ұлы тұлғасы» бола білген азаматтың аруағына арнап құран бағыштады. Жиын соңы әдеби-танымдық кешке ұласты.

Соңғы жаңалықтар