Жетісайда Президент Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы алғашқы Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті. Басқосуға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қатысып, кәсіпкерлік, мәдениет, білім салалары мен мұғалім мәртебесін көтерілу мәселесіне ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауданның зиялы қауым өкілдері мен тұрғындары, мекеме басшылары мен кәсіпкерлер қатысқан жиында Мейіржан Мырзалиев әрбір күні қарбалас тіршілікке толы тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерімізді дәріптеп, сақтап қалуға және әрі қарай дамытуға шақырды. Сондай-ақ, аталған іс-шара барысында аудан тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері де өз пікірін білдірді.

«Бүгінгі жетістіктер – ортақ еңбегіміздің жемісі. Осы қол жеткен жетістіктерімізді, еліміздегі ынтымақ пен бірлікті, ұлтаралық тұрақтылықты сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау біздің міндетіміз. Мемлекет басшысының жолдауында қамтылмаған сала, айтылмаған мәселе жоқ. Сондықтан баршаңызды мемлекеттік саясатты қолдап, жолдауда межеленген тапсырмаларды бірігіп орындауға шақырамын», - деді аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Тойым Жүнісов.

Сонымен қатар, жиын соңында ақпараттық-насихаттық топ жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Иябайұлы жергілікті кәсіпкерлермен ашық диалог құрып, аталған саланың дамуында кездесетін қиындықтар мен кедергілерді жою мәселелерін сөз етті. Несиелендіру жолдары мен пайыздық үстемелері жайында облыстық қаржы институттары басшыларының жауаптарын тыңдады.

Соңғы жаңалықтар