Жетісайда павловния ағашының тұқымбағы ашылды

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Жетісай ауданында 1 гектар жері бар тұқымбаққа павловния ағашын дән арқылы өсіру қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен өңірдегі аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар көше бойларына және қала, кент, ауылдық округтерде 40 мыңнан астам көшет ешілді. Соның 1 мыңға жуығын павловния көшеті», делінген хабарламада.
null

Жалпы павловния ағашы Шығыс Азияның тропиктік аймағында көптеп кездеседі. Табиғи жағдайда Қытайда өсіріледі. Күншығыс елінде бүгінде бұл ағаштың 10-ға жуық түрі бар. Бұлардың биіктігі 20 метрге жуықтайды. Көктемде жапырақтары бүршік жармас бұрын шырағдан тәрізді гүлшоғыры гүлдейді. Гүлдері күлгін-қызғылт түсті болады.
null

Бұдан басқа, алдағы жылы ауданда 1 гектар жерге зәйтүн ағашын отырғызу жұмыстары басталмақ. Қазіргі таңда 1 гектар аумаққа қажетті зәйтүн көшеттері жылыжайдағы құтыларға отырғызылып, арнайы күтіп-баптау жұмыстары атқарылуда. Мамандар бұл зәйтүн көшеттерін Өзбекстаннан әкелінген.
null
Еске сала кетсек, Сарыағаш ауданында павловния ағашы өсіріле бастаған болатын.

Соңғы жаңалықтар