Жетісайда оқушы қызды зорлады деген күдікпен оның көршісі ұсталды

None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының полицейлері зорлау қылмысы бойынша күдікті ер азаматты қамауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

Бұған дейін ауыл тұрғыны Жетісай ауданының полиция бөліміне шағымданып, кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтқан еді.

Аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық жедел шараларды атқарды.

Сонымен қатар бірқатар сот сараптамасы тағайындалды.

Бүгінгі таңда ҚР ҚК 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұл жайт Түркістан облысы ПД басшылығының тікелей бақылауында.


Соңғы жаңалықтар