Жетісайда медқызметкерден 2 млн теңге бопсалаған адам ұсталды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында медицина қызметкерінен 2 миллион теңге ақша бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісай аудандық полиция бөліміне медициналық мекемелердің бірінде жұмыс істейтін жергілікті тұрғын арызбен жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша,

күдікті көрсетілген медициналық қызметке көңілі толмағанын алға тартып, жоғары тұрған басшылыққа арыз жазатынын айтқан. Тіпті, жұмыстан шығартып жіберетінін сөз етіп, медицина маманын қорқытқан. Істі жылы жабу үшін ақша талап еткен.

«Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы 1-бөлі«бопсалау» бабы бойынша тіркеді. Жедел-тергеу тобы құрылып, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде полицейлер күдіктіні 1,5 миллион теңгеге жуық ақшаны алған кезде қолға түсірді»-делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты бопсалау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар