Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Жетісайда қыздарына қорлық көрсетіп келген өгей шешеге қатысты тергеу басталды

2019 жылғы 17 сәуір 11:45 861
Бөлісіңіз:
Жетісайда қыздарына қорлық көрсетіп келген өгей шешеге қатысты тергеу басталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Жетісай ауданында қыздарына қорлық көрсетіп  келген өгей шешеге қатысты тергеу шаралары басталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өгей шеше қорлаған қыздар: Соққы ізін көрген ұстаздар полицияға хабар берген Жетісайда өгей шеше қыздарына ине тығып, тоңазытқышқа отырғызып келген

«Құзырлы органдар Жетісай ауданында болған және әлеуметтік желі арқылы  тараған  өгей ананың қатыгездікпен балаларын ұрып-соғып, дене жарақаттарын салу әрекетін анықтады. Бұл жайт Жетісай аудандық полиция басқармасында тіркелді. ҚР ҚК 140-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктіге шектеу шарасы қолданылады. Комиссия шешімімен балалар әжесіне тапсырылған. Бұл жайт Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және облыс прокурорының бақылауында»,- делінген хабарламада.
Жетісайда қыздарына қорлық көрсетіп келген өгей шешеге қатысты тергеу басталды

Еске салайық, өңірдегі әлеуметтік желі белсендісі Әсет Әссанди өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында Жетісай ауданында тұратын  өгей шешенің қыздарына қорлық көрсеткені туралы бейнежазба таратқан болатын.

Онда келіншектің үш жеткішек қызға ине тығып, тоңазытқышқа отырғызып қойғаны және қайшымен денелеріне жарақат салғаны айтылады.

ҚазАқпарат осыған дейін Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғағандығын хабарлаған еді.


Жетісайда қыздарына қорлық көрсетіп келген өгей шешеге қатысты тергеу басталды

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Түркістан облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT