Жетісайда кәрізге құлаған 2 жасар бала аман қалды

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында дәрігерлер кәріз жүйесіне құлаған баланы аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2 жасар Бақытбек Сабыржан есімді бала ауыр жағдайда Жетісай аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Оның өмірін алып қалу үшін ақ халаттыларға бірнеше сағат бойы емдік шараларын жүргізуге тура келді. Кәріздің лас суына тұншыққан бүлдіршін 12 сағаттан астам уақыт жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Аурухананың реаниматолог дәрігері Нұрсұлтан Шойбеков пен балалар бөлімінің меңгерушісі Зульфия Кешубаева бастаған бір топ мамандар бірнеше сағат бойы емдік шараларын жүргізген. Нәтижесінде тыныс ала алмай қалған баланың беті бері қарап, есін жиды. Қазір оның жағдайы қалыпты болып, тиісті емін қабылдауда.

Бүлдіршіннің ата-анасы ұлдарының өмірін сақтап қалған бір топ дәрігерлерге алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар