Жетісайда ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді
2022 жылғы 26 маусым 20:02

Жетісайда ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат- Жетісай ауруханасына ес-түссіз жағдайда түскен әйел, бір аптадан кейін көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға туралы Жетісай аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем қызметінің мамандары жас әйелдің соққыдан, түрлі дене жарақатымен ессіз-түссіз ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлаған.

«Адам өліміне алып келген қайғылы жағдай бойынша әйелдің күйеуі күдікке ілінді. Ол 14 маусым күні ұсталып, қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр», - делінген полиция хабарламасында.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT