+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Жетісайда биыл 115 мың тонна мақта жиналған

2020 жылғы 28 қазан 19:55
Бөлісіңіз:
Жетісайда биыл 115 мың тонна мақта жиналған

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Жетісай ауданындағы мақта алқаптарында жиын-терім жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазіргі таңда диқандардың қоймасына 115 мың тонна мақта жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар орталығының мәліметінше, ақ алтынның өнімділігі гектарына 23,6 центнерден түсіп отыр. Шаруалар бірінші терім жұмыстарын бірнеше күнде толығымен аяқтайды.

Ауданда биыл 48 943 гектар аумаққа мақта дәні себілген. Жетісай ауданында мақта түсімділігі жағынан Атамекен ауыл округі көш бастап келеді.

Ондағы шаруалар мақтаның әр гектарынан орташа есеппен 27,6 центнерден өнім алса, Ералиев ауыл округінде 26,8 центнерлік түсіммен үздік үштіктің қатарынан көрінген.

Ал, Абай ауыл округінің мақташылары 26,5 центнерлік өнімділік көрсеткішіне қол жеткізді.


Бүгінгі таңда Атамекен ауыл округінің мақташылары - 14 мың 769 тонна, Жылысу ауыл округі - 13 мың 783 тонна, Мақталы ауыл округі -12 мың 597 тонна мақта жинап үлгерген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT