Жетісайда азық-түлік пен киім-кешекті тегін тарататын дүкен жұмыс істеп тұр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Жетісай ауданында азық-түлік пен киім-кешекті тегін тарататын қайырымдылық дүкені ашылған. «Мейірім-Шапағат» қайырымдылық дүкені аудан әкімінің бастамасымен және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйытқы болуымен жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандағы әлеуметтік жағдайын тіктей алмай жүрген мыңдаған жетісайлықтарға көмек көрсету мақсатында ашылған дүкенде тұрғындарға тегін киім-кешек үлестірліп, мүмкіндігінше қосымша азық-түлік беріледі. Әлеуметтік дүкенге ауданның жомарт жандары мен кәсіпкерлер демеушілік жасап келеді. Осыдан бір жыл бұрын, яғни, өткен жылдың ақпанында облыс бойынша бірінші болып ашылған қайырымдылық дүкені күні бүгінге дейін 1500-ге тарта әлеуметтік қолдауды қажет ететін немесе мүмкіндігі шектеулі мүшелері бар, көпбалалы отбасыларға көмек беріп үлгерген.null

«Тағдыр тауқыметін тартып, қоршаған ортадан, иманжүзді азаматтардан мейірім шуағын, жан жылуын күтетін мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін ауданның кез келген азаматына көмек береміз. Дүкеніміз аптаның дүйсенбі-жұма күндері таңертеңгі 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді»,- дейді Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов. null

null null null

Соңғы жаңалықтар