Жетісайда 7 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр
Сегіз айлық атқарған жұмысын баяндаған бөлім басшысы 510 отбасыға немесе 2060 адамға шартсыз атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленіп жатқанын айтады.
«Биыл ВИЧ-инфекциясына шалдыққан 6 баланың ата-анасына облыстық бюджеттен 2654,2 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді. Әр баланың ата-анасына ай сайын 55,3 мың теңге төленуде. Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде тәрбиелеп оқытуға жұмсайтын шығынды өтеу үшін жергілікті бюджеттен 220 мүмкіндігі шектеулі баланың ата-аналарына ай сайын бір балаға 1 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленді. Бұл мақсатқа 2019 жылғы 8 айда 2777,5 мың теңге қаржы жұмсалды. Аудан бойынша 59 мүмкіндігі шектеулі азамат мүгедектік кресло-арбалармен қамтамасыз етілді»,- деді Әділхан Әбжанов.
Бөлім басшысының сөзінше, Шымкент қаласында орналасқан мүгедектерді оңалту орталығында 50 мүмкіндігі шектеулі азаматқа жолдама беріліп, дене шынықтыру емін алып қайтқан. Сондай-ақ, бекітілген жоспарға сәйкес Шымкент қаласында орналасқан протез-ортопедиялық орталығына мүмкіндігі шектеулі 165 мүмкіндігі шектеулі азаматқа жолдама берілді.
Мүмкіндігі шектеулі 18 азаматқа жеке оңалту бағдарламасы негізінде есту протездерін алу үшін жолдама берілген.