Жетісайда 7 мың түп ағаш отырғызылды

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Жетісай ауданында отырғызылған көшеттердің басым көпшілігі жергілікті бақта өсірілген. Бүгінде өңірде саябақтар мен гүлзарларды, көше бойларын көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандағы ерікті жастар Жетісай қаласы мен Ынтымақ ауылын байланыстыратын, сонан соң, Қазыбек би ауылын байланыстыратын үлкен жолдың бойына шырша көшеттерін отырғызды.

Сондай-ақ, өткен жылы егілген көшеттердің көктемей қалғандарын ауыстыру жұмыстарын жасаған.

Өңірдің басты демалыс орны болып табылатын орталық саябақта қазіргі уақытқа дейін 1500 түп қарағай, терек, павлония, шырша, қара тал, ағаштары егілген. Алдағы аптада саябақ қосымша 1000 түп көшеттермен көгалдандырылмақ. Саябақтарға көшеттерді отырғызу және оны әктеу жұмыстары да атқарылып келеді.

Қазіргі кезде ауданда көшеттер егілген жерлердің арық атыздары тазаланып жатса, жаңадан егілетін жерлерге қосымша арықтар алынған. Жалпы осы кезге дейін аудан бойынша 7 мың түп ағаш отырғызылған. Жоспар бойынша әлі 3 мың түп егілетін болады.
Соңғы жаңалықтар