+7 (701) 759 90 19
USD 427.41 EUR 519.47
RUB 5.78 CNY 66.38
Jańalyqtar

Жетісайда 3 жасар бүлдіршін түн жарымында жалғыз жүрген

2021 жылғы 4 мамыр 21:01
Бөлісіңіз:
Жетісайда 3 жасар бүлдіршін түн жарымында жалғыз жүрген

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Жетісай ауданында 3 жасар бүлдіршін түн жарымында жалғыз жүргені анықталды. Түнгі уақытта кезекті шақыртуға шыққан полицейлер адасып қалған баланы тауып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жоғалып кеткен 4 жасар бала аман-есен табылды Ақтөбелік жасөспірімді анасы бір аптадан соң іздеп, полициядан көмек сұрады Таразда анасымен ұрсып қалған жасөспірім қыз үйінен қашып кетті

Облыстық ПД баспасөз қызметінің айтуынша, Жетісай жедел-тергеу тобының қызметкерлері сағат 04:30 шамасында шақырту бойынша жолға шыққан.

Олар «Абай» саябағында шамамен 3-4 жастағы кішкентай баланың жалғыз жүргенін байқап қалады.

Тәртіп сақшылары ұл баладан қайда тұратынын сұрағанда, тілі толық шықпаған бүлдіршін нақты жауап бере алмаған.

Болмаған соң полицейлер одан ары баланың ата-анасын анықтап, үйін табу мақсатында ол табылған аумақтағы үйлерді жеке-жеке аралап шыққан.

Баланың фотосуретін көрсетіп, іздестіру іс-шараларын жүргізген. Нәтижесінде жоғалған баланы іздеп жүрген әйелді тапқан.

Ол бүлдіршіннің нағашы әпкесі болып шыққан. Тексеру кезінде анықталғандай, үй-іші толық ұйықтап жатқанда оянып кеткен бала үйінен шығып кеткен.

Таңертең анасы ұйқыдан тұрғанда қасында баласы болмағаннан кейін олар полицейлерге хабарламастан өздері іздей берген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT