Жетісайда 100-ге жуық алтын және күміс алқа иегері дауыс берді

None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Жетісай ауданында 100-ге жуық алтын және күміс алқа иегері сайлауға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісай ауданының батыр аналары да сайлауда ерекше белсенділік танытты. Таңертеңнен сайлау учаскесіне келген батыр аналар өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Соның бірі - 10 баланың анасы, «Алтын алқа» иегері Ботагөз Беганова.

Жергілікті мектепте қызмет атқаратын ол ұстаздар қауымын сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

«Кезектен тыс президент сайлауында ұстаздар қауымы ерекше белсенділік танытуы тиіс. Себебі, бұл сайлау – елдің болашағы үшін өте маңызды қадам. Оның үстіне елімізде ұстаздарға деген көзқарас жылдан жылға жақсарып келеді. Мен егемен елдің еркін ойлы азаматшасы ретінде сайлаудан тыс қалған емеспін. Бұл жолы да балаларымның болашағы үшін дауыс бердім», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар