+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Жетісай қаласында ауыз су проблемасы шешілуде

2019 жылғы 22 қазан 15:50
Бөлісіңіз:
Жетісай қаласында ауыз су проблемасы шешілуде

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Жетісай қаласының әкімі Тұрышбек Елшібаев БАҚ өкілдеріне қаланың тұрмыс тіршілігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауызсу мәселесі ұлттық қауіпсіздік деңгейіне дейін теңестіріледі - БҰҰ «Астана су арнасына» айыппұл салынды Павлодар облысында 69 ауылдың ауызсуы талапқа сай емес

Қалада көпқабатты үйлер бой көтеріп, жолдар жөнделе бастаған. Бүгінгі күні 1937 азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне кезекке тұрса, жыл басынан бері 23 тұрғын үй пайдалануға берілген. Жетісайдың инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мақсатында да біршама жұмыстар жүргізілуде.

«Қаламызды жасыл желекке айналдыруға, көркейту-көгалдандыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Ағымдағы жылы көктем айларында 1 мыңнан аса шырша көшеттері отырғызылды. Бұл жұмыстар өз жалғасын табуда. Бүгінгі таңда қалада сәулетіне сәулет қосқан мемориал ескеткіштер мен монументальды стеллалар бой көтерді. Демалыс орындары мен гүлзарлар, субұрқақтар пайда болды»,- дейді қала әкімі Тұрышбек Күлішұлы.

Әкім сондай-ақ, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 69 жас маман жастар практикасына жіберілгенін атап өтті. Әлеуметтік жұмыс орыны бойынша 154 азамат жұмыспен қамтылған, көріктендіру, көркейту, санитарлық тазалық жұмыстарына жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 61 азамат қоғамдық жұмысқа тартылған. Қалада сонымен қатар ауыз су мәселесі де біртіндеп шешімін тауып келеді.

«Жаз мезгілінде қаламыздың кейбір жерлерінде ауыз су тапшылығы байқалады. Бұл біріншіден тұтынушылар санының көбеюінен және суды тұтыну көлемі жыл сайын өсуде. Екіншіден, су құбырларының негізінен тозығы жеткен. Аталған мәселерді шешу мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда 80 көшеге жобалау-сметалық құжаттары рәсімделіп сараптамаға жолданған. Сонымен қатар, қаламыздың 1-ші, 2-ші мөлтек аудандарын «Абай» топтық су жүйесіне қосу жоспарлануда, қосу үшін жұмыстар жүргізілуде»,- деді шаһар басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT