+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жетісай ауданында мал бағуға кеткен 8 жасар бала  үйіне қайта оралмаған

2020 жылғы 30 шілде 11:48
Бөлісіңіз:
Жетісай ауданында мал бағуға кеткен 8 жасар бала  үйіне қайта оралмаған

ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Жетісай ауданында мал бағуға кеткен 8 жасар бала үйіне қайта оралмаған. Өздігінен ұлдарын таба алмаған ата-анасы полицияға арызданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда ауылдастар арасында туындаған жанжал кісі өліміне себепші болды Қызылордада 10 және 13 жастағы екі бала дарияға батып кетті Қызылордада каналға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ол күндізгі сағат 16:30 шамасында үйінен шығып кеткен. Баланы табу үшін Жетісай ауданының полицейлері мен әкімшілік қызметкерлері және еріктілер бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Олар ауыл ішін, көше-көшенің әрбірін мұқият қарап шыққан. Іздестіру жұмыстары жайылымдық жерлер мен егістік алқаптарында,арық-каналдар да жүргізілді. Соның нәтижесінде учаскелік полиция инспекторы Сапархан Кайпов пен баланың әкесі із-түссіз жоғалған баланы таңертеңгі сағат 08:30 шамасында ауыл жанынан, егістіктен тапқан.

«Тексеру барысында бала малдарын таппағандықтан, үйіне қайтуға қорыққанын айтқан. Сөйтіп, өзінің үйінің жанындағы отын арасында ұйықтап қалған. Ал таң ата салысымен қайтадан малдарын іздеп шыққаны белгілі болды. Қазіргі таңда баланы қараусыз жіберген ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT