Жетісай ауданында көпбалалы аналар әулеті дауыс берді

None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Жетісай ауданында көпбалалы аналар әулеті дауыс берді. Жылы су ауылдық округінде тұратын әулеттің ақ жаулықты анасы Зәуре Сейдімбекқызы келін-қыздарымен келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зәуре Сейдімбекқызы Сүттібаевтар әулетінің қазынасы, 75 немере мен 30-ға тарта шөберенің, 8 шөпшектің әжесі. 14 жасында осы әулетке келін болып түскен апамыз 13 перзентті өмірге әкелген. Қазір зейнеткер әжейдің қыздары да, келіндері де көпбалалы ана. Әр отбасында 6-7 перзенттен бар.


«Біздің кезде заман қиындау болды. Ол кездің аналарына қазіргідей жағдай жасалған жоқ. Перзенттерімнің жартысын өзім жаяу барып босансам, бір-екеуін үйде босандым. Жұбайым бір үйдің жалғыз баласы болды. Бар ойым күйеуімнің ұрпағын көбейту еді. Ешқандай баламды алдын-ала жоспарламадым. Құдайдың берген перзентін өмірге әкелдім. Осы күніме шүкір тәуба деймін. Бүгін осы ұрпағымның жарқын болашағы үшін келіндерімді, қыздарымды ертіп келіп таңдауымызды жасадық»,- дейді батыр ана.

Айта кетейік, Жетісай ауданы бойынша 16 498 көп балалы аналар болса, оның ішінде батыр аналардың саны - 369. Ал, 1686-сы «Алтын алқа», 5537 -сі «Күміс алқа» алған.




Соңғы жаңалықтар