+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Жетісай ауданында «Халықтық кеңсе» ашылды

2020 жылғы 30 қараша 21:44
Бөлісіңіз:
Жетісай ауданында «Халықтық кеңсе» ашылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Жетісай ауданы әкімдігі ғимаратынан тұрғындарға көрсетілер мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Халықтық кеңсе» орталығы ашылды.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды Түркістан облысының полицейлері жылдамдықты асырған 300 мыңға жуық жүргізушіні анықтады Алик Шпекбаев ашық әкім кабинетінің қандай болатынын айтты

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ашылған орталықта бір мезгілде азаматтарды қабылдау, құқықтық кеңес беру, қолжетімді әрі сапалы қызмет көрсету жұмыстары қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мен аудан әкімінің орынбасары Асан Маханбетов, аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев қатысты.

Аудандағы мекеме және бөлім басшыларымен кездесу өткізген департамент төрағасының бірінші орынбасары елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстар мен нәтижелері жайында айтып өтті. Заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдап, салдарын саралады. Атқарылған жұмыстардың барысын арнайы дайындалған слайдтармен түсіндірді.

«Бүгінгі күні Агенттіктің бастамасымен ел аумағында мемлекеттік органдардың жұмысы «Open space» форматына көшірілуде. Бұл халыққа барынша қолайлы жағдай туғызып, ашықтық пен жариялылықты, сондай-ақ, жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алу мүмкіндіктерін қалыптастыруда. Бүгінгі ашылған орталық жетісайлықтарға тиімді қызмет көрсетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық фактілерін азайтуға ықпал ететін болады», деді Мирас Қарғабай.

Жаңа кеңседе азаматтардың өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы да бар. Мемлекеттік қызметке жүгінген кез-келген тұрғын сол жерде көрсетілген қызмет түріне автоматты түрде баға да бере алады. Қандай да бір құжат үшін әр бөлімнің есігін қағып, уақытын жоғалтатын тұрғындар ендігі кезекте әуре-сарсаңға салынбай, шаруасын бір ғана орталықтан бітіріп кетуіне мүмкіндік жасалған. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметке деген халықтың сенімін арттырып, сапасын жақсартуға үлкен септігін тигізбек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT