Жетісай ауданында 400 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркісстан облысының Жетісай ауданында «Алтын күз-2018» іс-шарасы тойланып, Жетісай қаласының күні мерекесі аталып өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, жемістер пирамидасын тамашалап, сүт, нан өнімдері және ауылдық округтердің ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесін аралап көрді.

«Алтын күз - 2018» мерекесі барысында «Бұқа», «Ләңгі», «Айыр ағашпен дәлдеу», «Көңілді старт» сынды спорттық сайыстар ұйымдастырылып, қонақтар бауырсақтан жасалған пирамидадан дәм татты.null null 

«Жетісайлықтардың биылғы тойы жылдағыдан ерекше. Түркістан облысы, оның ішінде Жетісай ауданы негізінен ауылшаруашылық бағытындағы салалардың барлығын қатар алып келе жатқан, соның арқасында дамып, тіршілігінің берекесін келтіріп отырған аймақ. Сондықтан аграрлық сектордағы жетістіктерімізді барша облыс еңбеккерлерінің ортақ жеңісі деп бағалаймыз. Ауданның табиғаты бақша өнімдерін дамытуға өте қолайлы. Жалпы биыл Жетісай ауданында 839 гектарға қырыққабат егілсе, одан 30 701,2 тонна өнім алынған. Оның 80 пайызы шетелге экспортталған», - деді Жансейіт Түймебаев.null 

Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 78 мың гектарды құрайды. Соның биыл 48 262 гектарына мақта дәні себілсе, аудан тауар өндірушілері осы жылы мақтаның әр гектарынан 25,2 центнерден өнім жинап, облыста ең жоғары көрсеткіштердің біріне қол жеткізді.

Ауданда осы жылы 15 019,2 гектарға бақша өнімдері отырғызылған. Ал, одан алынған өнімнің жалпы көлемі 426 159 тоннаға жетті. Мәселен, 8 621,7 гектарға қауын, 6 397 гектарға қарбыз егілсе, оның 30 пайызы шетелге экспортталды.

null 

 

Соңғы жаңалықтар