Жетімдердің ақысын жегендердің алды жеті жылға сотталды - БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық соты мүгедек және жетім балалардың есепшоттарынан ақша жымқырған «Қазпошта» АҚ филиалының тоғыз қызметкеріне қатысты үкімді жария етті.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Қазпошта» АҚ филиалының 9 қызметкері материалды жауапты тұлғалар бола тұра, «Колвир» жүйесімен өздерінің құпия логиндері арқылы, жалған шығыс кассалық ордерлер рәсімдеп, мүгедек және жетім балалардың шоттарынан ақша ұрлаған.

Аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан «Қазпошта» АҚ-ға 21 780 234 теңге залал келтірілген.

Сот үкімімен «Қазпошта» АҚ филиалының операциялық учаске басшысы Гүлнар Исқақова ҚР ҚК 176-бабы 4-бөлігі, 351-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге материалды жауапты қызметті атқару құқығынан, мүлкін тәркілеп, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге сотталды.

Э.Қарасаева ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлігі «б» тармағымен 3 жыл мерзімге материалды жауапты қызметті атқару құқығынан, мүлкін тәркіленіп, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол да жазасын жалпы тәртіптегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Үш сотталушыға сынақ мерзімі тағайындалды. Сонымен бірге, тағы екі сотталушы 1 жылдан шартты түрде бостандығынан шектелді. Бұдан басқа бес жылға бас бостандықтарынан айырылған екі сотталушыға жазасын өтеу 1 жыл мерзімге кейінге қалдырылды.

Соңғы жаңалықтар