Жетігенші оқушы халықаралық байқауда топ жарды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында өтіп жатқан балалар мен жөсөспірімдер арасындағы халықаралық байқауда ақтаулық Аслима Шакхат жетіген аспабымен өнер көрсетіп, «Ұлттық аспаптар» номинациясында 1-орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аслима Шакхат – Абыл Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебінің шәкірті. Қазіргі кезде жетіген класының 5-сыныбында оқиды.

Бұған дейін де қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз атанып жүр. Жетігеннен бөлек, Аслима скрипка және фортепианода ойнайды.

Ол Атырау қаласында өткен «Жас толқын» аймақтық байқауында топ жарып, Мәскеудегі халықаралық конкурсқа жолдама алған.

«Мәскеуде өткен халықаралық байқауға біз 4 ай көлемінде дайындалдық. Аслима бас жүлдеге ие болды. Қазір ол Өнер колледжіне түсуге дайындалып жүр», - дейді жетекшісі Айтолқын Амангелді.


Соңғы жаңалықтар