«Жетіген-Қорғас» теміржол желісі ең маңызды жобаның бірі - Елбасы

None
None
;       АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін құрылысы басталған «Жетіген-Қорғас» теміржол желісі ең маңызды жобаның бірі. Бұл туралы  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жетіген-Қорғас» теміржол желісі құрылысының басталуы шарасында айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Елбасы «Жетіген-Қорғас» теміржол желісінің ел экономикасына елеулі үлес қосатынын айтып, бұл істің барлығы халық игілігі үшін жасалып жатқандығына тоқталды.

         «Ұзындығы 293,2 шақырымдық бұл теміржол желісінің бойына 5 стансы, 9 жол айырығы салынады.Бұл жерлерге халық қоныстанып, жұмыс орындары ашылады.Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатының артуына үлес қосады.Сондықтан үлкен шараның басталуымен құттықтаймын,  деді Елбасы.

         Ол сондай-ақ еліміздің экономикасын дамыту үшін теміржол, автожолдарды дамыту қажеттігін атап өтіп, алдағы уақытта Жезқазғаннан Каспийге дейін 1300 шақырымдық теміржол құрылысынының басталатынын, 2,5 мың шақырымдық Батыс Қазақстан-Батыс Қытай автожолының құрылысы жүзеге асатынын айтты.  «КСРО кезінде Қазақстанның сыртқа шығатын жолдары аз болды.Қазіргі уақытта сыртпен байланысты жандандыру үшін теміржол мен автожолдар өте қажет.Сондықтан халық игілігі үшін осы істер атқарылып жатыр», деген Елбасы теміржолшылар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

         Нұрсұлтан Назарбаев  теміржол желісінің алғашқы рельсінің төселуі сәтін  көріп, жаңа құрылысқа сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар