«Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркіменбашы автожолы биыл пайдалануға беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Республикалық маңызы бар «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан Республикасының шекарасы (Түркменбашы)» автожолының 73 шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін автожол 4 жолақты, І «Б» техникалық санатының талаптарына сәйкес болады. Қазіргі таңда жұмысшылар жер қазу жұмыстарын аяқтап, жол жабынының төменгі және жоғары қабаттарын төседі. Учаскеде 25 темірбетон құбырлар орнатылды. Ағымдағы жылдың жоспары бойынша Жаңаөзен қаласы мен Шетпе кентінде жол-пайдалану учаскелерін қайта жаңарту және жаңа учаскелердің құрылысы көзделген.

Автожолды қайта жаңартуға 800-ге жуық маман мен 565 техника жұмылдырылды. Жол қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес күре жолдың бойында қоршаулар, учаске бойынша жаңа жол белгілері орнатылады.

Қайта жаңарту жұмыстары 2019 жылы толық аяқталады.

Соңғы жаңалықтар