Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 20 °С
Алматы: 21 °С
USD 342.49 EUR 400.85
RUB 5.51 CNY 51.33
Жаңалықтар

Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2018 жылғы 13 шілде 16:19 502
Бөлісіңіз:
Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Ұқсас жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысында 14 шілдеде кей жерлерде күндіз солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғуы мүмкін, желдің екпіні секундына 25 метр айналасында болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында 16-20 шілде аралығында кей аумақтарда күндіз ауа температурасы 40-42 градусқа дейін ыстық болады деп болжануда. Маңғыстау облысының кей жерлерінде күн 43-45 градусқа дейін ысиды.

Ақтөбе облысында 17-20 шілде аралығында кей жерлерде күндіз 41-43 градус ыстық болуы ықтимал.

Қостанай облысында 18-20 шілдеде кей жерлерде ауа райы температурасы 41 градусқа көтеріледі, ал Қарағанды облысының кей аумақтарында 40-43 градусқа дейінгі ыстық күтіледі.

Қостанай облысында 14 шілде аралығында кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады деп күтілуде. Кей өңірлерінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

 

 


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат