Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты 7 облыс аумағында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

13 қаңтарда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде көктайғақ болады.

Қызылорда қаласында ертең күндіз көктайғақ болады.

14 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 15 қаңтарда күндіз облыстың басым бөлігінде қар жаууы мүмкін. Түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасын соғады.

Петропавлда ертең күндіз бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

14 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Түнде облыстың батысында тұман түсуі мүмкін.

Ертең Қарағанды қаласында жаяу бұрқасын соғуы мүмкін.

14 қаңтарда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі, көктайғақ болады.

Қызылорда қаласында ертең кей уақыттарда тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін.

14 қаңтарда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Оралда ертең жаяу бұрқасын со,уы мүмкін. Түнде тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

14 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте ертең түнде тұман түсуі мүмкін.

Түркістан қаласында ертең түнде тұман түседі.

14 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар