Жеті адам зардап шеккен жол апатына кінәлі жүргізуші жауапқа тартылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда жеті адам жарақат алған жол апатына кінәлі Түркістан облысының жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы ақпанның 20-да сағат 18:40-та Көкшетау қаласынан айналма жолдың 4-шақырымында «Daewoo Nexia» көлігінің 42 жастағы тұрғыны, Түркістан облысының тұрғыны жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Зеренді ауданының 51 жастағы тұрғыны тізгіндеген «Nissan Primera» көлігімен соқтығысқан.

«Жол апатынан жарақат алған 7 адам (екі жүргізуші мен бес жолаушы) ауруханаға жатқызылды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары «Daewoo Nexia» көлігінің жүргізушісі, Түркістан облысы тұрғынының үстінен ҚР ӘҚбК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 6 айға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін», - дейді ведомвстодан.


Соңғы жаңалықтар