Жеті адам Павлодар облысының құрметті азаматы атанды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жеті адам Павлодар облысының құрметті азаматы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында мемлекеттік қызмет, денсаулық сақтау, қоғамдық қызмет және ауыл шаруашылығы жүйесінің ардагерлері мараптталды. Павлодар облыстық мәслихатының шешімімен биыл аймақтың құрметті азаматы атағы Ертіс–Баян өңірінің жеті тұрғынына берілді.

Олардың қатарында еңбек ардагерлері Кенже Кеңесбаев пен Михаил Парипса, мемлекеттік және саяси қайраткер Асхат Күзеков, атақты аграрийлер - Николай Миллер мен Зейнолла Сәлменбаев, денсаулық сақтау саласының ардагері Болат Оразғалиев пен мемлекеттік қызмет саласының ардагері Күлжан Ахметова бар.

«Сіздер еліміздің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қостыңыздар. Сіздердің бай өмірлік тәжірибелеріңіз бен кәсібиліктеріңіздің арқасында біз қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеп, аграрлық және өнеркәсіптік секторларымызды, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік саласын нығайта алдық. Сіздер қазіргі күннің өзінде де қоғамдық келісімді сақтау және азаматтық секторды дамыту үшін еңбек етіп жатырсыздар. Адал еңбектеріңіз үшін сіздерге шын жүректен алғыс айтамыз», - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов ақсақалдарды салтанатты рәсімге қатысушыларға.

Абай атындағы ЖШС сияқты ірі шаруа қожалығының басшысы Николай Миллер аймақтың құрметті азаматының белгісін 52 жыл бұрын алған өзге марапатымен салыстырды. Ол атом сүңгуір қайығында қызмет еткен кезде Саргасс теңізінде жарты жылдан астам уақыт өткізіп, сол үшін әскери басшылықтың марапатына ие болған екен.

«Мен 73 жасқа келгеніме қарамастан ауыл шаруашылығының ұрыс даласынан кетпеймін. Жерлестерім мен облыс басшылығына берген уәделерімді орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Бүгін біз тәжірибелік стансаны іске қосу үшін жұмыс істеп жатырмыз, ал бес жылдан кейін күніне 100 тонна сүт аламыз деп ойлаймын», - деді Николай Миллер.

Өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің ардагері Болат Оразғалиев жерлестеріне құрмет көрсеткені үшін алғыс айтты.

«Ақсақалдар туралы ұмытпағандарыңыз үшін рахмет. Бұл марапат біз үшін аса маңызды. Біздің балаларымыз бен немерелерімізге өміріміз үлгі болады деп үміттенемін. Барлық жерлестерімізге зор денсаулық пен бақыт тілеймін! Елімізде тек қана жақсылық болсын!», - деді Болат Оразғалиев.

Айта кету керек, Павлодар облысының Құрметті азаматы атағы әрбір кандидатураны арнайы комиссия қарағаннан кейін ғана беріледі. Бүгінгі таңда бұл атаққа өңірімізде 80 адам ие болды.

Фото: Нургалым Серикбаев
Соңғы жаңалықтар