Жершілдікпен күрес: Алик Шпекбаев ротация жасады
Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, адам бір лауазымда ұзақ уақыт жұмыс атқарса, еңбек өнімділігі төмендейді, қызметкердің ой-өрісі бір учаскенің шеңберімен шектеліп қалады. Сондай-ақ, ондай қызметкер өз жұмысын жаңа әдістермен толықтыра алмайды. Ал, ең бастысы, ротацияның арқасында жершілдікке жол берілмейді. Осыған байланысты агенттік төрағасы 8 аумақтық департаменттің басшысын ротациялау туралы шешім қабылдады.
«Ротация лауазымдарында 2 жылдан 4 жылға дейінгі аралықта жұмыс атқарған Алматы қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша департамент басшыларына қолданылды» , - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Атап айтқанда, Ұлттық бюроның Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Нығмеджан Сапаров тағайындалды;
- Ұлттық бюроның Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы болып Қызылорда облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Әділхан Әшірбаев тағайындалды;
- Ұлттық бюроның Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы болып Павлодар облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Денис Шакенов тағайындалды;
- Ұлттық бюроның Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы болып Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Сергей Потанин тағайындалды;
- Ұлттық бюроның Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Қостанай облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Елдос Сағиев тағайындалды;
- Ұлттық бюроның Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы болып Алматы қаласы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Ержан Ибраимов тағайындалды;
- Ұлттық бюроның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Атырау облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Құрмаш Сейітбеков тағайындалды;
- Ұлттық бюроның Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы болып Жамбыл облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Мұрат Қарымсақов тағайындалды.
Сондай-ақ Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменттің бұрынғы басшысы Нұрлан Қамбатыров тағайындалды.