Жерорта теңізінде жыл басынан бері 400 мыңнана астам мигрант қаза тапты

Фото: Фото: Salvatore Cavalli/AP
РИМ. ҚазАқпарат – Осы жылдың алғашқы үш айында Жерорта теңізінің орталық бөлігінде 440-тан астам мигрант қайтыс болды. Бұл – халықаралық көші-қон ұйымы келтірген дерек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Сарапшылар Еуропаға Жерорта теңізінің орталығымен өтетін жолды әлемдегі ең қауіпті бағыт деп атайды. 2014 жылдан бері осы жолда 20 мыңнан астам адам өлімі тіркелді. Ұйым билікті іздеу-құтқару жұмыстарына көбірек күш салуға шақырады. Баяндалғанындай, батып бара жатқан кеменің дабылына жауап берілмеген жағдайлар болған.

«Адамдар Жерорта теңізінің айдынында өліп жатыр. Көмек сұрағандардың көбі елеусіз қалады. Мемлекеттер теңіздегі адамдардың өмірін сақтап қалу үшін іздестіру-құтқару жұмыстарын күшейтіп, қолдау көрсетуі керек», - делінген ХКҰ мәлімдемесінде.

Бұған дейін хабарланғанындай, Италияға Жерорта теңізі арқылы заңсыз мигранттардың жаңа легі ағыла бастады.

Осы орайда, Италия үкіметі төтенше жағдай режимін жариялады.

Сондай-ақ, Италияның Кутро қаласында мыңдаған адам шеруге шығып, кеме апатынан қайтыс болған 75 мигрантты еске алған еді.


Соңғы жаңалықтар