Жеріміз байтақ болғанымен, біз аз халықпыз, елде лайым бейбітшілік болсын – профессор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы тұрғыны, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы, профессор, оқытушы Ақмарал Ысқақ елдегі және Алматыдағы ахуалға қатысты өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзім Алматы қаласының тұрғынымын. Болып жатқан оқиға туралы теледидар арқылы біліп отырмын. Сыртқа шыққан емеспін, сондықтан өз көзіммен ештеңе көрген жоқпын. Басқа өңірлерге қарағанда Алматыда жағдай күрделі. Елде болған бүлікшіліктің қаншалықты лаңкестік немесе содырлардың ісі екеніне қатысты баға бере алмаймын. Қазір халық арасында түрлі ақпарат тарап жатыр, оның ішінде расы да бар, жалғаны да бар. Сондықтан алдымен шындыққа көз жеткізіп, сенімді дерекке сүйенген дұрыс. Анау айтты, мынау дегеннен аулақ болайық», - деді Ақмарал Ысқақ.

Оның айтуынша, халықтың Конституция бойынша өз ойын, үнін билікке жеткізуге құқығы бар, бірақ бүлікшілік пен арандатушылыққа жол берілмеуі тиіс.

«Әрине, ел азаматы, Алматы тұрғыны ретінде болған болған жайтқа жүрегім ауырады. Қаншама қан төгілді. Оның арасында өрімдей жастар да бар. Өзім де анамын. Бейбіт елде бұндай болмауы тиіс. Мемлекет басшысы ел амандығы мен тұтастығы үшін қабылдап жатқан шешімдерді қолдаймын. Енді Президент жүктеп отырған міндет іспен дәлелденсе, құба-құп болар еді. Жеріміз байтақ болғанымен, біз аз халықпыз, сондықтан елде лайым бейбітшілік болсын», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар