Жергілікті жолдардың 80 пайызының сапасы нормативке сай - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі жергілікті жолдардың 80 пайызының нормативке сәйкестендірілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Ресми мәлімет бойынша, 2021 жылы жалпы құны 300,2 миллиард теңге болатын 349 жоба іске асырылған. Осы қаражат аясныда 1000 тұрақты, 7000 уақытша жұмыс орны ашылған.

«Республика бойынша 2,6 мың шақырым автожол пайдалануға берілді. Атап айтқанда, жергілікті жолдардың 19 шақырымы салынды, 152 шақырымы қайта жаңартылды, 220 шақырымы күрделі жөндеуден өтті, 2,2 мың шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді.

Аудан орталықтарын облыстармен байланыстыратын жолдар да жөнделуде», - делінген министрліктің мәліметінде.

Ведомство іске асырылған ірі жобалардың қатарына Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысын атаған. Ұзындығы бір шақырымнан асатын көпір құрылысы енді ғана басталғанын айта кету керек.

Сондай-ақ, Ақтау қаласының курорттық аймағында жолдар салу және реконструкциялау, Атырау облысындағы «Индер-Миялы», Ақтөбе облысындағы «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы», Алматы облысындағы «Алматы-Лепсі» жобалары да сүйекті жобалар ретінде аталған..

«Сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда көшелер дамытылып жатыр.

Жыл қорытындысында жергілікті жолдардың нормативті жағдайдағы үлесі 80%-ға жеткізілді. Былтыр бұл көрсеткіш 75% еді», -деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрлікті мамандарының сөзіне қарағанда, жыл сайын жергілікті жолдар желісін дамытуға бөлінетін трансферттердің 50 пайызы республикалық бюджеттен, қалғаны жергілікті бюджеттен бөлінеді.

«Жалпы еліміз бойынша жергілікті жолдардың ұзындығы 71 мың шақырымнан асады. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына сәйкес 2020-2025 жылдары облыстық және аудандық маңызы бар 27 мың шақырым жолды құрылыс жұмыстарымен қамту көзделіп отыр», - деп жазылған ресми ақпатта.


Соңғы жаңалықтар