Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті толық қашан енгізіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 1 қаңтарынан  барлық жерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының 98-қадамы аясында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізуді көздейтін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша Заң қабылданды. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап халық саны 2 мың адамнан асатын 1062 ауылдық округте енгізілді, ал 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жерде енгізілетін болады», - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, дербес бюджетті енгізу ауылдық округтердің қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтуге және салықтарды тікелей өз бюджетіне алуы арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін күшейтуге мүмкіндік берді.

Ауылдық округ бюджетіне салықтық түсімдердің 7 түрі және басқа да салықтық емес түсімдер, сондай-ақ шығыстардың 19 бағыты берілді. 2018 жылға түзетілген жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттер кірістерінің жоспары 113,8 млрд. теңгені құрады.

«Заңды іс жүзінде сапалы іске асыру мақсатында Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес ауыл әкімдері мен олардың аппараттары қызметкерлерін оқыту, жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізуге уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері мен деректер базаларының дайындығын қамтамасыз ету, ауыл әкімдері аппараттарын интернет байланысымен және компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша шаралар көзделген. Іс-шаралардың көбі орындалды», - деп баяндады Тимур Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар