Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің өңірлік дамуына әрбір нақты өңірдің бәсеке артықшылығын ашу жөніндегі шараларды қамтитын жаңа тәсілдер әзірленеді. Бұл үшін 2030 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамудың болжамды схемасына тиісті өзгерістер енгізілмек. Ауылдардағы өзекті инфрақұрылым мәселелерін шешуге бағытталған «Ауыл - ел бесігі» жобасын белсенді іске асыру жалғасады», - деді Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру аясында ауыл округтері бюджетінің қаржылық мүмкіндіктері кеңейтіледі.

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл тұжырымдама аясында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу, жергілікті мемлекеттік басқарудың мүліктік құқықтарын және мәслихаттардың өкілеттігін кеңейту бойынша ұсыныстар әзірленеді», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар