Жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту жөніндегі қадамдар жеткіліксіз – сенатор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатор Сергей Карплюк Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады. Ол өзінің сауалында Мемлекет басшысы бюджетаралық қатынастарды заңнамалық деңгейде түбегейлі реформалауды тапсырғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенатордың пікірінше, қаржылық дербестікті кеңейту, өңірлік экономиканы дамытуға ынталандыру және жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту үшін қабылданып жатқан шаралар жеткіліксіз болып отыр.

«Жалпы сипатта бөлінетін трансферттер мен нысаналы трансферттер тұрғындарға мемлекет кепілдік берген бірдей қызметтерді, әсіресе инфрақұрылымдық қызметтерді ұсынудағы өңірлер арасындағы алшақтықты көп өзгерте алмайды. Әлеуметтік жайсыздық пен шиеленістің алғышарттарына әкелетін сәйкессіздіктерді ескере келгенде, жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастырудың тиімділігі жөнінде мәселе туындайды», - деп атап өтті депутат Сергей Карплюк өз сауалында.

Депутат шығындар болжамын анықтау әдісіндегі мәселелерге де тоқталды. Оның айтуынша, кейбір бағыттар бойынша қаржыландырудың өсе түскені байқалады, ал басқа бағыттар бойынша - керісінше, қаржыландырудың жетіспеушілігі тұрақты сипатқа айналып бара жатыр.

Сенатор осыған байланысты жергілікті бюджет кірістерін болжау әдістемесін жақсарту, нысаналы трансферттерді бөлу процесін қайта қарау, жалпы сипаттағы трансферттерді қарау және қалыптастыру кезінде жергілікті әрі орталық атқарушы органдардың жауапкершілігін белгілеу мен басқа да мәселелерді Үкімет қарауы керек екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар