Жергілікті атқарушы органдардың 296 млрд теңгені тиімсіз жұмсағаны анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жергілікті атқарушы органдардың 296 млрд теңге сомасына қаражатты тиімсіз жұмсағаны анықталды. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есеп комитеті барлық мемлекеттік аудит органдары анықтаған тиімсіз пайдаланылған қаражат көлемінің өскенін атап өтті. Шын мәнінде, талаптарды бұзушылықтардың өсуі өңірлердегі тексеру комиссияларының жүргізген тиімділік аудиті аясының айтарлықтай кеңеюіне байланысты. Нәтижесінде, жергілікті атқарушы органдардың 296 млрд теңге сомасына қаражатты тиімсіз жұмсағаны анықталды. Қалған мемлекеттік аудит органдары бойынша керісінше қаражаттың тиімсіз пайдаланылуының төмендегені байқалады», - деді Е. Жамаубаев Үкімет пен Есеп комитетінің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау кезінде.

Оның айтуынша, Есеп комитеті белгілеген ереже бұзушылық фактілері 32 пайызға, ал ішкі мемлекеттік аудит органдары бойынша 3 есеге төмендеді.

«Бұл аудитті цифрландырудың, камералдық бақылауға көшудің және қаражатты тиімсіз пайдалану фактілерін болдырмау әрі жол бермеу жөніндегі алдын алу шараларының нәтижесі болып отыр. Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мәселесі Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін тағы да атап өткім келеді», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар