Жергілікті атқарушы органдар меншік құқығын тіркеусіз көптеген жер актілерін берген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жергілікті атқарушы органдар меншік құқығын тіркеусіз көптеген жер актілерін берген.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Салық және кедендік әкімшілендіру» тақырыбында баяндама жасаған ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйесінде жер учаскелері бойынша 3,6 млн мәліметтердің 116 мыңы жаңартылып және ретке келтірілді. Сонымен бірге жер актілерін беру кезінде «мақсатты нысана» жіктеуішінің жоқтығы салықтарды автоматты түрде есептеу процесін қиындатады«, - деді Ә.Смайылов.

Осыған байланысты ол Ауыл шаруашылығы министрлігі «мақсатты нысана» жіктеуішін әзірлеуі қажеттігін айтты.

«Ал жергілікті атқарушы органдар өз ақпараттық жүйелеріне жіктеуішті енгізуді және жер учаскелерін беру кезінде жіктеуішті пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс», - деді ол.

Бірінші вице-премьердің дерегінше, меншік құқығын тіркеусіз көптеген жер актілерді беру жағдайлары болған. Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдар жерге берілген актілерді тіркеуді қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдауы қажет«, - деді Ә.Смайылов.

Соңғы жаңалықтар