Жерге ірі астероид жақындап келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) Жерге диаметрі 440-ден 990 метр аралығындағы астероидтің жақындағандығын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер кеңістігі маңындағы обьектілерді зерттеу орталығының сайтында хабарланғандай, 162082 (1998 HL1) деп аталатын аспан денесі 25 қазан күні Жерге жақындайды. Ол сағатына 11,2 км жылдамдықпен шамамен 6,2 млн шақырымдай қашықтықта ұшып өтеді

Айта кетер болсақ, 162082 (1998 HL1) астероиды 1998 жылғы сәуірде табылған.

Ғалымдар қазіргі уақытта Жерге қауіп төндіруі мүмкін ірі астероидтердің 93 пайызын анықтап отыр.

Соңғы жаңалықтар